Өңірлік Жол картасының орындалуы партия назарында
Өңірлік Жол картасының орындалуы партия назарында

Атырау облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы Махамбет Досмұхамбетовтің жетекшілігімен Саяси кеңес бюросының және Атырау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының бірлескен мәжілісі өтті.

Күн тәртібінде Атырау облы­сында инклюзивті білім беруді да­мыту және «Nur Otan» партия­сының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол карта­сының» орындалу барысы талқы­ланды. Партия филиалының тө­рағасы Махамбет Досмұхамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүмкіндігі шек­теулі азамат­тарды жүйелі түрде қолдау жұмыс­тарын үнемі жақсартып, ерекше балалар­дың білім алу құқықтарын іске асыру мәселесіне айрықша назар аударуды тапсырғанын атап өтті. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы Атырау облысы Білім беру басқармасының бас­шысы Сатқан Есенғалиев баян­дады. Сондай-ақ басқарма бас­шы­сы ерекше білімді қажет ететін балалардың құқықтары мен мүдде­лерін қорғау мақсатында 400 орындық коррекциялық орталық ашу жоспарланғанын жеткізді. Жиында 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдар­лама­сын іске асыру жөніндегі «Жол картасының» орындалу барысы да тал­қыланды. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов баяндады. Жиын соңында «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы, аймақ басшысы Махам­бет Досмұхамбетов талқыланған мәселелер бойынша жұмысты жан­дандыру қажеттігін айтып, жа­уапты тұлғаларға бірқатар тап­сырма берді. – Жергілікті атқарушы орган­дар облыста инклюзивті білім бе­руді дамыту бойынша қажетті ша­раларды қабылдасын. Партия­ның облыстық филиалы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, «Кедергісіз келешек» жобасы аясында кедергісіз орта қалыптас­тыру жұмысына талдау жасап, ол «Әлеуметтік осал топтарды қолдау жөніндегі» аймақтық кеңес оты­ры­сында қаралсын, – деген М.Досмұхамбетов облыс әкімінің орынбасары Н.Таушовқа партия­ның сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі «Жол карта­сының» орындалмау қаупі бар тармақтары бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігін ескертті. Жиынға облыстық партия филиалы Саяси кеңесі бюросының және облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, облыс әкімінің орынбасарлары, жер­гі­лікті атқарушы орган басшылары, аумақтық партия филиалдарының төрағалары қатысты.

Әбілмансұр ЖАСАН