Қуат Хамитов Ресейде «Пираньямен» жекпе-жекке шықты – видео
Қуат Хамитов Ресейде «Пираньямен» жекпе-жекке шықты – видео
363
оқылды

Қазақстандық танымал файтер Қуат Хамитов Ресейдің Сочи қаласында өткен AMC Fight Nights кешіндегі басты жекпе-жекте Мариф Пираевтен жеңіліп қалды.

«Пиранья» лақап атымен танымал 28 жастағы ресейлік спортшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша Мариф өзінің отызыншы жеңісіне қол жеткізді. Ал Қуат Хамитов бұған дейін отыз кездесу өткізіп, оның 23-ін жеңіспен аяқтады. Айта кетейік Қуат Хамитов 2021 жылы бұл сайысқа дейін 2 кездесу өткізіп, екеуінде де жеңген болатын. Алдымен 33 жастағы «Найман» ресейлік Максим Пантелеевті нокаутқа жіберсе, кейін украиндық Роман Головиннен басым түсті. https://youtu.be/ExljLsv_Xgs