Алматыдағы атыс: Президент көз жұмған екі полицей мен сот орындаушысын марапаттады

Алматыдағы атыс: Президент көз жұмған екі полицей мен сот орындаушысын марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полицейлер мен сот орындаушыны мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлады Ақорда. 

ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен: Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы (марқұм); Алматы қаласы полиция департаментінің Алатау ауданы полиция басқармасының жанындағы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Сүлеев Дархан Дауылбайұлы (марқұм) марапатталды. Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының мүшесі Әбенов Мұрат Бақбергенұлы "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.