Теміртас Жүсіпов әскери қызметшілер арасында әлем чемпионы атанды
Теміртас Жүсіпов әскери қызметшілер арасында әлем чемпионы атанды
325
оқылды
Қазақстандық боксшы Теміртас Жүсіпов әскери қызметшілер арасында әлем чемпионы атанды. 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Жүсіпов бразилиялық Леандерсон Консейсаомен жекпе-жек өткізіп, оны төрешілердің шешімімен жеңді, – деп жазады Sports.kz. Алтын медальдан басқа, турнир ұйымдастырушылары Теміртасты чемпиондық белбеумен де марапаттады. Айта кетейік, Теміртас Жүсіпов бокстан әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына алғашқы алтын медаль әкелді.  width=

Фото: Sports.kz.