Есек етін сатып келген адам жазаланды

Есек етін сатып келген адам жазаланды

Өзбекстанның Карши қалалық соты есектің етін сатып жүрген азаматты екі жылға қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды.

Қашқадария облыстық ішкі істер басқармасының мәліметіне қарағанда, құқық қорғау қызметкерлері оны есектің етін сойып жатқан кезінде ұстаған. Үйінен есектердің терісі мен 20-ға жуық тірі есек табылған. Ұсталған күдікті есек етін иттерге беретінін айтып, бірақ кейін сататынын мойындаған. Биыл мамырдың соңында Өзбекстанда есек сойып, оны сатумен айналысқан төрт адам ұсталған.