БҚО-да жол апатынан кейін сәби мен үш ересек адам жансақтау бөліміне түсті
БҚО-да жол апатынан кейін сәби мен үш ересек адам жансақтау бөліміне түсті
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 4 адам жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті. Оқиға 16 маусым күні шамамен сағат 13.13-те Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолының 27-шақырымында болды. «ВАЗ-21103» автокөлігінің 1994 жылғы жүргізушісі қиылыста бұрылу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, 1984 жылғы жүргізуші айдап бара жатқан Volkswagen Sharan автокөлігімен соқтығысуға жол берген. Автокөліктерде 8 адам болған, соның екеуі – кәмелетке толмағандар. «ВАЗ-21103» автокөлігінде отырған төрт жолаушы жансақтау бөліміне жатқызылды. Соның біреуі – бір жасқа толмаған сәби. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.