Astana Open турнирінің чемпиондары анықталды
Astana Open турнирінің чемпиондары анықталды
228
оқылды

Елордада Astana Open ATP 250 турнирі мәреге жетті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жекелей сында финалда әлемнің 65-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Дакворт пен дүниежүзілік рейтингте 82-орында тұрған оңтүстіккореялық Квон Су Ву бас жүлдені сарапқа салды. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта оңтүстіккореялық теннисші қарсыласын 7:6 (8:6), 6:3 есебімен ұтты. Өз спорттық жолында айтулы табысына қол жеткізген Квон Сун Ву бәсеке барысында 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 10 эйс жасағанымен, 1 брейкпен шектелді. Жұптық сында жарыстың 1-ракеткалары, мексикалық Сантьяго Гонсалес пен аргентиналық Андреас Мольтени жеңімпаз атанды. Олар соңғы бәсекеде Израиль өкілі Йонатан Эрлих пен белоруссиялық Андрей Василевскийді 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Astana Open жарысында Александр Бубликтің финалға шыға алмағанын жазған болатынбыз.