«Ертең қар жауады»: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
«Ертең қар жауады»: Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Фото: dailycaller.com
135
оқылды
Қазгидромет 27 қыркүйекте бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын болады (жаңбыр қарға ауысады). Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 27 қыркүйекте Маңғыстау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде – 15-20 м/с. Түркістан облысының солтүстігінде және батысында шаңды дауыл соғады. Батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Павлодар облысының оңтүстігінде, шығыстан жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.