"Әр әрекетке қарсы әрекет бар": "Талибан" Тәжікстанды Ауғанстан ісіне араласады деп айыптады
"Әр әрекетке қарсы әрекет бар": "Талибан" Тәжікстанды Ауғанстан ісіне араласады деп айыптады
Фото: economictimes.indiatimes.com
283
оқылды
"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысы басшысының міндетін атқарушы Абдул Ғани Барадар Тәжікстан Ауғанстанның ішкі істеріне араласатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz РИА Новости порталына сілтеме жасап.  "Тәжікстан біздің істерімізге араласады, әр әрекетке қарсы әрекет бар", – деді ол Al-Jazeera телеарнасына берген сұхбатында. Тамыздың басында Ауғанстандағы жағдай күрт өзгерген еді.  "Талибан" Ауғанстан үкіметіне қарсы шабуыл жасап, 15 тамызда Кабулға кірді. Ертесіне соғыс аяқталғанын мәлімдеді. 31 тамызға қараған түні АҚШ әскери күштері Кабулдан кетті. 6 қыркүйекте талибандар ұзақ бағындыра алмаған Ауғанстанның 34 провинциясының соңғысы Панжшерді бақылауына алғанын хабарлады.