Көптен күткен Astana Marathon – 2021 жүгіру жарысына биыл Қазақстанның 45 қаласы қатысып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Марафонға дайындық деңгейі әртүрлі және оған барлық жастағы адамдар қатысты, – деп хабарлайды astana.gov.kz.
[caption id="attachment_164804" align="alignnone" > ©Фахрутдинов Р.[/caption] Ең жас қатысушы – 18 жаста, ең үлкені – 76 жаста. Жарысқа Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың әріптестері, елорда тұрғындары мен қонақтары, кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты. 42,2 км қашықтықта ерлер үлесі – 86%, ал әйелдер – 14%. 10 шақырымда ерлер мен әйелдер үлесі сәйкесінше 62% және 38% болды. [caption id="attachment_164805" align="alignnone" > ©Фахрутдинов Р.[/caption] Astana Мarathon – 2021 жеңімпаздары: 42,2 км Абсолютті ерлер Бірінші орын – Владислав Мамедов (02:24:17), Ангрен, Өзбекстан Екінші орын – Данияр Орманғали (02:24:18), Алматы, Қазақстан Үшінші орын – Илья Тяпкин (02:24:23), Бішкек, Қырғызстан Абсолютті әйелдер Бірінші орын – Гүлшана Сатарова (02:35:00), Жалал-Абад, Қырғызстан Екінші орын – Сабина Талачева (02:56:17), Наманган, Өзбекстан Үшінші орын – Ольга Богомольская (03:01:18), Алматы, Қазақстан 18-39 жас санатында Ерлер Бірінші орын – Владислав Мамедов (02:24:17), Ангрен,Өзбекстан Екінші орын – Данияр Орманғали (02:24:18), Алматы, Қазақстан Үшінші орын – Илья Тяпкин (02: 24: 23), Бішкек, Қырғызстан Әйелдер Бірінші орын – Гүлшана Сатарова (02:35:00), Жалал-Абад, Қырғызстан Екінші орын – Сабина Талачева (02:56:17), Наманган, Өзбекстан Үшінші орын – Ольга Богомольская (03: 01: 18), Алматы, Қазақстан 40-44 жас санаттарында Ерлер Бірінші орын – Нүркен Халықберген (02:48:57), Алматы, Қазақстан Екінші орын — Еренғайып Қуатайұлы (02:59:42), Алматы, Қазақстан Үшінші орын – Ерік Боранбеков (03: 00: 44), Нұр-Сұлтан, Қазақстан Әйелдер Бірінші орын - Гүлмира Туенбаева (04:22:54), Нұр-Сұлтан, Қазақстан Екінші орын – Әсел Сәдуақасова (04:26:43), Нұр-Сұлтан, Қазақстан Үшінші орын – Марина Волошенко (04:37:04), Көкшетау, Қазақстан 45-49 жас Ерлер Бірінші орын – Самат Панов (03:06:51), Нұр-Сұлтан, Қазақстан Екінші орын – Еділбек Тайлақов (03:19:17), Құлан ауылы, Қазақстан Үшінші орын – Геннадий Карнилович (03: 27: 47), Шахтинск, Қазақстан 50-54 жас Ерлер Бірінші орын – Тұрар Әбутәлиев (02:55:27), Нұр-Сұлтан, Қазақстан Екінші орын – Жақсыбай Есжанов (03:11:39), Нұр-Сұлтан, Қазақстан Үшінші орын – Меңдібай Әлімғазинов (03:26:16), Нұр-Сұлтан, Қазақстан 55-59 жас Ерлер Бірінші орын – Тұрсынғали Әлібаев (02:51:28), Алматы, Қазақстан Екінші орын – Қанат Сүгірбаев (03:05:56), Нұр-Сұлтан, Қазақстан Үшінші орын – Евгений Белов (03:19:04), Павлодар, Қазақстан 60-64 жас Ерлер Бірінші орын – Талапнұр Байзақ (03:12:50), Нұр-Сұлтан, Қазақстан Екінші орын – Сергей Овчаренко (03:38:34), Жітіқара, Қазақстан Үшінші орын – Александр Таранченко (04:03:48), Павлодар, Қазақстан 65-69 жас Ерлер Бірінші орын – Валерий Куликов (03:43:38), Шымкент, Қазақстан 70-74 жас Әйелдер Бірінші орын — Амегульсин Мусульманова (05:55:53), Нұр-Сұлтан, Қазақстан Ерлер Бірінші орын – Николай Григорьев (03:56:36), Өскемен, Қазақстан 10 км Абсолютті ерлер Бірінші орын – Рахымжан Келманов (00: 31: 09), Алматы, Қазақстан Абсолютті әйелдер Бірінші орын – Татьяна Нерознак (00: 34: 58), Алматы, Қазақстан [caption id="attachment_164808" align="alignnone" > ©Фахрутдинов Р.[/caption]«Марафон – ауқымды іс-шара. Соңғы екі жылда әлемдегі және Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты түрлі жарыстар өткен жоқ. Бұл марафонды өткізу үлкен оқиға болып отыр. Оған қатысып, жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Жарақатым бар еді. Оған қарамастан соңына дейін жеткеніме қуаныштымын. Мен үшін бұл алғашқы ресми марафон. Бұған дейін де жүгіргенмін, бірақ оның нәтижелері бейресми болды. Ал бүгін маған әлемнің 6 үздік марафонына қатысуға болатын сертификат берілді. Бұл мен үшін үлкен жетістік», – деп қуанышымен бөлісті 42,2 км қашықтықтағы жеңімпаз Тұрар Әбутәлиев.
Марафон санитарлық нормаларды толықтай сақтай отырып өткізілді. Жарысқа вакцина салдырған азаматтар ғана қатысты.