Сақтандыру төлемін қоспағанда, қаза тапқандардың отбасы 20 миллион теңгеден алады, – деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
Юрий Ильин төлем қаза тапқан әр азаматтың заңды мұрагері анықталғаннан кейін төленетінін айтты.«Үкіметтен әр отбасыға 10 миллион теңгеден аудару туралы шешім қабылданды. Бес миллион теңге – жергілікті бюджет есебінен. Біз қызметкерлердің бір күндік жалақысын жинап, аудардық. Төтенше жағдайлар министрлігі есебінен ерікті түрде 5 миллион теңгеден беріледі. Емге мұқтаж азаматтарға көмек көрсетіледі. Мемлекет тарапынан міндетті сақтандыруы бар – қаза тапқандардың отбасына 60 айлық қаржылай қаражат беріледі», – деді Юрий Ильин.
Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасы жарылып, 17 адам қаза тапты. Бір жауынгер әлі де іздестіріліп жатыр.