Boeing-747 ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды
Boeing-747 ұшағы Алматы әуежайына шұғыл қонды
Фото: aircraftwallpapernewss.blogspot.com
121
оқылды

Алматы әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 қыркүйек күні кешке болған.

«Кеше Гонконгтан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Air ACT жүк тасымалдаушы Boeing-747 ұшағының командирі техникалық ақауды байқап, бірден Алматы әуежайына қонуға шешім қабылдады. Төтенше жағдай жарияланған жоқ, қону жергілікті уақыт бойынша 21:12 қалыпты режимде өтті» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін астанадан Ыстамбұлға ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағының Атырау әуежайына шұғыл қонған себебін жазған болатынбыз.