Елбасы Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті
Елбасы Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті
110
оқылды
Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті М.Шентопқа Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының мерейтойлық пленарлық отырысында жемісті келіссөздер жүргізуіне тілектестігін білдірді, – деп жазады elbasy.kz. Елбасы отыз жыл ішіндегі Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастардың даму қарқынын атап өтіп, М.Шентоптан Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанға ізгі тілегін жеткізуді сұрады.
– Мен тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолында жұмыс атқарып келемін. Бүгінде біздің қарым-қатынасымыз қарқынды дамып жатыр. Президент Ердоған екеуміз үнемі байланыстамыз, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.
Өз кезегінде М.Шентоп Елбасыға қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның жылы лебізін жеткізді.