Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты – Видео
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты – Видео
Фото: kff.kz
Қазақстан құрамасы футзалдан әлем чемпионатының ширек финал матчында Иран құрамасын 3:2 есебімен ұтты. Бірінші таймда Қазақстан құрамасы сәтсіз ойнап, 2:0 есебімен ұтылып қалды. 8-минутта Мослем Оладгобад ирандықтарды алға шығарды. Ал, 15-минутта Ахмед Эсмаилпур есепті еселеді. Бірақ, екінші таймда отандастарымыз 3 гол соғып, жартылай финалға шықты. Кездесудің 25-минутындағы үзілістен кейін Иран қақпашысы Алиреза Самими өз қақпасына гол соқты. Ал 29-минутта қазақстандық шабуылшы Арнольд Кнауб есепті теңестірді. Ал 39-минутта Тайнан жеңіс голын соқты. https://www.youtube.com/watch?v=z3Q8f94Tx2A Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Португалиямен кездеседі.