Алматы облысы Сарқан ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік департаменті хабарлады.
Басқарма бастығы Алматы облысы Сарқан ауданы Бақалы, Алмалы, Көкөзек ауылдарындағы үш спорт алаңы құрылысына «Жұмыспен қамту 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген 32,9 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Шенеунік уақытша қамау изоляторында отыр. «Тергеу жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сай тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат айтылмайды», – деді департамент қызметкерлері.А. ЖАНАСЫЛ