Қола жүлде қоржында
Қола жүлде қоржында
141
оқылды

Қазақстан құрамасы Иорданияда гандболдан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында үшінші орын алып, қола еншіледі.

Қазақстан құрамасы жарыстың қола жүлдесін Иран командасымен сарапқа салған болатын. Маңызды кездесу 38:33 есебімен аяқталып, Қазақстан құрамасының пайдасына шешілді. Айта кетерлігі, Қазақ­стан құрамасы Азия чемпионаты­ның жартылай финалында Жапонияға 24:38 есебімен, ал Иран Оңтүстік Кореяға 24:38 есебімен есе жіберген болатын. Финалда Оң­түстік Корея мен Жапония құрама­лары кездесіп, 33:24  есебімен Оңтүстік Кореяның жеңісімен аяқталды.

М.ХАҚНАЗАР