Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан командасы жартылай финалға шықты
Гандболдан Азия чемпионаты: Қазақстан командасы жартылай финалға шықты
202
оқылды
Қазақстан командасы гандболдан Иорданияда өтіп жатқан 18-ші Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, — деп хабарлайды Olympic.kz. Біздің команда А тобында сынға түсіп, өз тобында екінші орын алған. Топтық кезеңде қазақстандықтар Гонконг, Сингапур, Өзбекстан командаларын жеңген болатын. Топтағы соңғы  ойында Қазақстан мен Оңтүстік Корея кездесіп, қарсыластар 40:20 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан командасы жартылай финалда В тобында бірінші орын алған Жапония құрамасымен кездеседі. Екінші жартылай финалдық матчта Оңтүстік Корея мен Иран арасында өзара мықты анықталады.