Алматыда жол апатынан бір адам қайтыс болды
Алматыда жол апатынан бір адам қайтыс болды
Фото: ainews.kz
111
оқылды

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Алатау ауданында түнгі сағат 23:57 шамасында болды.

«Toyota Avensis автокөлігінің жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатып Мөңке би көшесінде қарсы жолаққа шығып кетіп, Mercedes Benz 815 көлігімен соқтығысты. Салдарынан Toyota Avensis көлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды», – деді Алматы қаласы ПД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Тергеу жүргізіліп жатыр.