Мақта тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
Мақта тиелген жүк көлігі өртеніп кетті
Фото: ТЖД-нен алынды

Оқиға Самара-Шымкент тас жолының 1338-шақырымында болды.

Volvo жүк көлігіндегі 21 тонна мақта толықтай жанып кетті.

«Өрт туралы хабар келгеннен кейін ең жақын өрт сөндіру бөлімінің мамандары 34 шақырымнан оқиға орнына барды. 2 техникамен 7 қызметкер жедел жетті. Өрт жылдам оқшауланды. Оқиға барысында жарақат алған адам жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің  өкілі.

Бұған дейін екі жүк көлігі соқтығысып, жол шетінде тұрған адамдар қаза тапқанын жазған болатынбыз.