Оқиға Самара-Шымкент тас жолының 1338-шақырымында болды.
Volvo жүк көлігіндегі 21 тонна мақта толықтай жанып кетті.«Өрт туралы хабар келгеннен кейін ең жақын өрт сөндіру бөлімінің мамандары 34 шақырымнан оқиға орнына барды. 2 техникамен 7 қызметкер жедел жетті. Өрт жылдам оқшауланды. Оқиға барысында жарақат алған адам жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», – деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.
Бұған дейін екі жүк көлігі соқтығысып, жол шетінде тұрған адамдар қаза тапқанын жазған болатынбыз.