Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака әлем чемпионатының ширек финалында ұлттық командамыздың Иранды ұтуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Мұндай футболшылармен кез келген адам бапкер бола алады. Бұл - толықтай жігіттердің еңбегі. Ел олардың ісін, жеңісті мақтан тұту керек деп ойлаймын. Олар осы ойында өздерін аямады. Бұл - тамаша. Мен қазақ болғанда, мұндай адамдарды мақтан тұтарым хақ. Олар нағыз ерлер", - дейді Кака матчтен кейін.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасын әлем чемпионатының жартылай финалына шығуымен құттықтағанын жазған болатынбыз.