«Керемет сенсация жасады!» – Президент жеңіске жеткен спортшыларды құттықтады
«Керемет сенсация жасады!» – Президент жеңіске жеткен спортшыларды құттықтады
©А.Ахметқазы
295
оқылды

Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына да сәттілік тілеймін!» – деп жазды Президент.

Бұған дейін ширек финалдағы қарсыласымыз - Иран құрамасы екенін жазған болатынбыз. Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Иран спортшыларын 3:2 есебімен жеңді. Жартылай финалда қазақстандықтар Португалия құрамасымен кездеседі. Екінші жұпта Бразилия мен Аргентина кім мықтыны анықтайды.