Ядролық қарудан азат өмір қалыптастырамыз
Ядролық қарудан азат өмір қалыптастырамыз
346
оқылды

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары деңгейдегі пленарлық отырысында сөз сөйледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде кейбір елдерде жасалып жатқан ядролық бағдарламалар­дың қарқын алуын үнемі төнетін тер­рорлық қауіп-қатермен байла­ныстырып, ақырзаман орнататын қарулардың қолданылу қаупі арта түскенін атап өтті. Қазақстан Прези­денті дегенмен бұл бағытта белгілі бір деңгейде оң қадамдар жасалып жатқанына тоқталды. – Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт күшіне енді, Иранмен арадағы ядролық қаруға қатысты мәмілені қалыпқа келтіру жөнін­дегі келіссөздер қайта қаралуда, шабуылдауға арналған қаруларды азайту жөніндегі жаңа шарт ұзартылды, АҚШ пен Ресей ара­сында стратегиялық тұрақ­ты­лық туралы бірлескен мәлімдеме қа­былданды. Әрине, өзара жоюға кепілдік беретін доктрина ядро­лық державалардың жуық арада өз арсеналынан бас тартуы екіталай екенін білдіреді. Сондықтан 2045 жылға дейін ядролық қарудан азат, бейбіт өмір қалыптастыруға ұмты­латынымыз туралы мәлімдей оты­рып, көңілдегіні нақты іске асыра­тынымызға скептиктер күмәнмен қарауы мүмкін. Біздің тарихи тә­жірибеміз мұның басқаша болаты­нын көрсетеді, – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­станның Семей ядролық поли­гонын жабу туралы шешім қа­былдап, ядролық қуаты жағынан төртінші саналатын арсеналынан бас тартқанына биыл 30 жыл толғанын еске салып өтті. Мемлекет басшысы Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шарт ядролық энергияны азаматтық мақсатқа заңды түрді пайдалану мен ядролық қаруды таратудың аражігін ажырататынын айтты. Президенттің айтуынша, ядро­лық қуат бірте-бірте төмен кө­міртекті энергияның маңызды көзіне ай­налуда. Қазақстанда өз атом өнер­кәсібін дамыту үшін кешенді тех­ни­калық-эко­но­микалық негіз­деме жасалып жатыр.