Қоңқабаев – жылдың үздік боксшысы
Қоңқабаев –  жылдың үздік боксшысы
130
оқылды

Халықаралық бокс қауым­дастығы (AIBA) жыл сайын өз қа­тарындағы үздіктерді анық­тайды. Осыған орай Қазақстан Бокс федерациясы  бокстың дамуына, ныға­юы­на қосқан үлесі мен жетіс­тіктеріне қарап, бірқатар спорт­шылар­ды марапаттады.

Федерация таратқан мәлімет бойынша, Қазақстандағы ең үздік бапкер – Қайрат Сатжанов. Оның жастар құрамасындағы жұмысы,  жоғары спорттық нәтижелері жеңіске жетуіне себеп болған. Ал Токио-2020  Олимпиадасы­ның қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев үздік боксшы атанды. Жауаптылардың айтуынша, ұлт­тық құраманың капитаны өскелең ұрпаққа үлгі   және ол рингтегі нәтижелерден басқа қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады. Әйелдер арасындағы үздік боксшы атағына команда капитаны Алуа Балықбекова ие болды.  Ол биыл  ең жеңіл сал­мақта Дубай-2021 Азия чемпионатында жеңіске жеткен. Жастар арасындағы Әлем және Азия чемпионы Санжар Ташкенбай да AIBA сертификатына ие болды. Осындай марапат құрама­дағы әріптесі Милана Аюповада да бар. Биыл ол құрлықтық жастар арасындағы біріншілікте жеңімпаз атанған еді. Одан бөлек, Ермек Сүйеніш  Қазақстанның үздік төрешісі деп танылды. Өйткені оның Токио Олимпиадасында жоғары деңгейде жұмыс істегеніне күллі әлем куә болды. Марапаттау рәсімі онлайн форматта өтті. Оны Қазақстан Бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков жүргізді. Федерация іс-шараны   халықаралық бокс күні қарсаңында ұйымдастырды.

А.ЖОЛДАС