Кесіртке кісі

Кесіртке кісі

Кесіртке деген кесір жәндіктің Құдай сүйер бір оңды қылығы жоқ. Мәселен, қалтырауын барлық кесіртке тұқымдастың түп төркіні. Осы қалтырауын жемтігін жұтқанда өңешінен жыбыр-жыбыр етіп өтіп бара жатқан тіршілік иесін аяғаны соншалық , екі көзінен жас парлап, ағыл-тегіл жылайтын көрінеді. Бұдан асқан қандай аярлық болсын! Аярдың үрім-бұтағы, жекжат-зәу­заттары да екіжүзділікке, арамдыққа даяр тұратыны әлімсақтан белгілі. Мысалы, хамелеон деген жылы жақты мекендейтін кесірткелер жер жағдайына байланысты терісінің түсін мың құбылта алады. Екіжүзді, алдамшы, аяр адамдарды «хамелеон» деп жататынымыз сондықтан. Осы тұқымы тұздай құрғыр кесірткенің «ешкіемер» деген жекжат-жұрағаты тағы бар. Сол ешкіемер жайлауда ешкінің емшегіне таскенеше жабысып алады да желінде жұғын да қалдырмай сарқа еміп қояды. Кешкісін алдынан маңырап шығатын лағы байғұс шандырды тарта-тарта шаршап, болдыртып төрт аяғы төрт жаққа кетіп құлайтын көрінеді. Егесі ешкінің өрістен қақталып келгенін білсе зарлауық лақты зар еңіретпей сиырдың сүтін беріп, зорға тыныштандырады. Бұл жалмауыз жәндіктің кез -келген қатерлі кезеңде құйрығын тастап кете беретін тағы бір атасы бар. Бір сұмдығы тастап кеткен құйрығының орнына жаңасы өсіп шығады екен. Зоология ғылымының заңғар білгірі емеспіз. Әйтсе де кесірткенің жоғарыдағыдай ру-тайпалары бар екенін ғылымға үш қайнаса сорпасы қосылмайтын кез келген адам жақсы біледі. Аса құдіретті Жаратушы иеміз топырақтан илеп, кеудесіне от үрлеп Адам деген екі аяқты мақұлықты жаратқанда оның тұла бойына жұмыр Жерді мекендеген барлық жануарлар мен жәндіктердің мінез-құлқын барынша мол сіңірген болуы керек. Қараңыз. Салпаң құлақ есек деген жануар бар. Ал, шынайы өмірде есек мінездес адамдар аз ба? Әңгімемізді кесіртке жайлы кіріспе сөзден бастағандықтан Жаратқанның басқа да мақұлықтар мен жәндіктеріне тоқ­талмаймыз. Мәселе кесіртке кейіпті кісілер хақында болмақ. Менің Өрікбай деген өркөкірек танысым болды. Өзі өрік піскенде туған ба әлде шешесі өрікке жерік болған ба, бұл арасын әке-шешесіне қалдырайық, осы пақырыңыз түйені түгімен, жылқыны жүгімен жұтып жібергенде қақалмайтын «өнер» ашты. Қара судың өзінен май айыратын пысықтың пысығы. Иненің көзінен өтетін жіптей лыпып тұр. Өзі ала шапанды ағайындардың өнегесін көрген өрен. Міріден сірі айырады. Сыныққа сырық жалғап, құрығын алысқа сермеудің нағыз шебері. Бірде осы сабаз бүкіл қаланың бос жатқан жерін коммерциялық құры­лымдарға сатты да жіберді. Айтушылар дүңгіршек ашамын дегендерге асфальттің үстіне дейін сатып жіберген деседі. Енді асыра айтушылардың мұнысына сенбедік. Алайда, кеңес өкіметі күйреп, кеудесінде оты барлар коммерцимяға жаппай кетіп жатқанда қаладағы қуыс-қуыстың барлығын сатып жібергені таза шындық. Талай мықтының жеңінен кіріп желкесінен шығатын Өрікбай осы сауда-саттығының жымың да білдірген жоқ. Табандатып тексерушілердің үстіне бір сабақ жіп те ілдірген жоқ. Сөйтсек, бұл сабазың оларды теңгемен тұсаулап тастаған екен. Сөйтіп, жер үлестіру «ойынын» бастаған екен. Қала­ның қарқарадай қожайыны қойны-қоншысын қаражатқа сықап, Жиенбайдың семіз қошқарындай құйрығы тегенедей болып мамырлап жүре алмай қалғанын көріп, былайғы жұрт ішегін тартты. «Елдің барлығын жарылқап жатыр» дегенді естіген прокурор «аса мейірімді» адамды сабылып іздеп, соңында мейрамханада сыралатып отырған жерінен тапты. – Құрметті Қарағаев! Сіз мені танисыз ба?-деді прокурор салған жерден. –Бір жерден көрген сияқтымын. Шырамытып отырмын,-деді шалқақтады сырашыл һәкім. Прокурор қолындағы құжатқа қарап, Өрікбайдың өзі өз болғалы, көйлегі бөз болғалы жасаған қылмыстарын термеле­генде саптыаяқтың бірі сырт етіп еденге түсіп, сынған шынылар шидің тезегіндей шашырады. Өрікбайда өң-түс қалмады. Түрі боп-боз болып кетті. – Ағатай-ай, мен жерді жемсауымды толтыру үшін емес, адамдарға жағдай жасау үшін үлестірдім емес пе? Қазір олар өз биснестерін қыж-қыж қайнатып, қар күрегендей жерден ақша күреп жүр. Мемлекеттің қоржыныңа қап-қап теңге аударып жатыр. Сенбесеңіз, өздерінен сұраңыз. Барлығы маған алғыс айтады,-деп Өрікбай өксіп жылап жібергенде прокурордың есіне жемтігін жұтып жатөан қалтырауын түсіп, сырашылмен бірге сабынша ери бастаған көңілін қатайтып алды. – Қадірлі Қарағаев! Бұл ертегіңізді енді сот алдында айтасыз,-дегенде Өрікбай үстелдің астына зып беріп кіріп кетті. Талай балалар бақшасы мен клубтарды, одан қалса тарқап кеткен, мекемелердің қаңырап бос тұрған ғимараттарын сатып, әойды орып, қырды қырып», жұрттың барлығын жарылқап жүрген һәкім талай қарсыласын қалтырауынша қылғытқанда шашалмап еді. Бқл жолы бүк түсті. Енді ол қатындарша қарғанып, өзін ақтамақ болып зарлағанда прокурор жылап жібере жаздады. Оның сөзіне сенсеңіз, мына әлемде одан басқа адал адам таппайсыз. Прокурор жаңа ғана алдында кесірткедей кесірленіп, менменсіп отырған кісінің мың құбылғанына қарап, айқаптағы жыны қозғаны соншалық үстелді жұдырығымен қойып қалды. Өара судан қаймақ айыратын Қарағаев прокурордың да ауызын айға қаратып кетәпті деп естідік. Заңның өзін майшел­пекке айналдырған әлдекімдерге биз­несінің бір құлағын қстатқан дей ме, қазақтың қарашұнақ теңгесі маңдайына тар келіп,, алыстағы Американың ақшасын құлқынына қос уыстап тцыққан дей ме, әйтеуір жаза-айыптан ноқтасы сыпырыл­ған асаудай бос келді. Кейіннен бұл сабаздың тасы тағы өрге домалады. Облыс әкімдігіне барып, жайлы орынтақтың біріне жайғасты. Сағымдай құбылып, сабындай бұзылып тқратын Өрікбай өр мінезділер қатарынан емес-ті. Ішінде үнемі бір үрей жүреді. Үстіне инеден жаңа шыққандай жаңа костюм-сым киген бір жігіт кіріп келгенде Өрікбайдың жүрегі атша тулады. Орындығына салмақтылау отыратын ол қалай қшып тұрғанын өзі де аңғармай қалды. Пірге қол бермекке қмтылған молдадай елпек қақты. – Сәлематта боларсыз? Кеклуші бөлме иесінің құрақ ұшқанына көңіл аударған да жоқ. «Не жазып қалдым?» дегендей төр иесі терлеп қоя берді. Мына дап-дайын сахналық көрініс келушіге қызық көрінді. Әрнені бір тұспалдап айтқанымен, төр иесі ештеңе түсінбеді. «Бәлем,сілікпеңді шығарып, қатырмасам ба осы» деп келуші ішіне қулық сақтап, жқмбақ жымиып ләм-мим деместен шығып кетті. Артынша Өрікбай өкпесі өшіп қанша індетіп іздегенімен жұмбақ жанның кім екенін біле алмады. Арада екі-үш апта сырғып өткенде Шайырбек қайта айналып соқты. Бұл жолы ол шекемтас ойнаған баладай шаршаулы еді. Жүпынылау киінген жігітті көріп Өрікбайдың қай-қайдағы жындары өре түрегелді. – Қаңғыбас иттей қайдан адасып жүрген немесің?-деді төрдегі тарпаң. – Шапағатыңыз тие ме деп... Немене мені шапағат таратып отырған шұленші деймісің? – Жо-жоқ. Сізді осы қаладағы ең мейірімді, қамқор адам деседі ғой. – Оттапты! Шық, кабинеттен! Былай шыға Шайырбек «мынадай хамелеон көрсем, кһзім шықсын» деп тырқ-тырқ күліп бара жатты. Бұл әңгіме көп қзамай өзіне қайтып келді ме, Өрікбай әңгіменің өрісін өзгертті. Өрісіне өрт салып, ізіне тұзақ құрушылар көбеймес үшін жаға айла ойлап тапты. Сол екі арада жүзіктің көзінен өткендей бір жігіт тап бола кетті. Ол жақын жама­ғайынының жалғызы еді. – Көмектесемін!-деді Өрікбай өзеуреп. – Қашан келейін, аға? – Ертең, жоқ, дүйсенбіде айналып соғарсың. Дегбірін алған ділгір дүйсенбі де демігіп жетті. Жұмысын жолға қоймақ болған жігіт Өрекеңнің құтты құжыраханасына қайта оралып, төбе көрсетті. – Ассалаумаалейкум, аға! – Иә, неге келдің? Ағасы емі, атауы жоқ белгісіз індетпен ауырған ба, мұны танымай қалыпты. – Аға! Бқл мен ғой. Мәдібектің баласы жәнібекпін. «Дүйсенбіде келсең, жұмысыңды дұрыстаймын, саған есігім ашық, қашан келсең де ұрыспаймын» дегенсіз. – А, солай деп пе едім? Қашан? Ертең, жоқ, бір аптадан соң қайта айналып кел. Жәнібек аң-таң. Кеше ғана күліп қарсы алған ағасы бүгін танымай қалыпты. О, сұмдық-ай! Үлкен қызметтегі кісілерде есірік деген бір ауру болады деп есітуші еді. Ағасы сол есіріктің дәл өзімен ауырып жүрмесін! Ауырмаса ағайынның баласын танымай көзін шел қаптамаған шығар? Жәнібек «менің ағамды жын иектеп кетіпті» деп жамағайындарына жария ете алмады. «Иесі құтылғысы келсе «итім құтырды» дер» деген бар. Әлдебір еркелігін бойына сіңіре алмады ма, «мені басынғысы келеді» деп өзінше жорамал жасады ма, кім білсін, көкесінің баласымен көиескілеу амандасып, қайта көрместей айырылысты. Осыны есітіп өқлқынып Мәдібек жетті. Адуынды кісі айғырдай азынап, азан-қазан қылған соң оңа ма, Өрікбай қорқайын деді. Дегенмен, жыланның ізін көрген жырынды емес пе, жып-жылмағай жасанды жымиысы­мен жарасымдылық таныт­қансып, Мәдібек жәкесіне жақындады. – Сенің бүйтіп бастық болғанынды ұрайын! Ағайынға пана бола алмаған сендейлердің барынан жоғы!-деп Мәдібек есікті тарс жауып шығып кетті. Ертеңгі есепке жүйрік Өрікбай жәкесінің соңынан қуып жетіп, шалғайына жармасты. Мәдібек жөткірінді. Басына пәле төнгенде құйрығын тастап кете беретін кесіртке есіне түсіп, Мәдібек жымиды. Оның бқл жымиысын Өрікбай өзінше жорыды. Өрікбайдың айнымалы токтай «адасып» қала беретіні ел ауызында жыр борлып айтылды. Талайларға уәде біріп, табан астынан сертінен айнып қалатын оны сырттай «өқбылмалы» атағандар көп. Осы құбылмалы ұитұрқы тасыр мінезін өзгертіп, қой ауызынан шөп алмайтын момақан адам бола қалды. Сырбаз сыпайы сызданып жұма сайын мешіттен шықпайды. Қолында-құманы, ауызында-ұраны! Оның талай сұмдығы мен ұулығын білетін былайғы жұрт мешітте басына тақия киіп, тәспі аударып, қалғып-мүлгіп отырғанын көріп: «Тәубесіне келейін деген екен ғой!» деп жорыған. Қайдағы? Мұнысы із тастау екен. Былай шыға сауналатып, ащы судан ұрттайды. Қызщ-қырқынға құмарлығы сұмдық. Сөйтсек, бұл сорақы Алланың өзін адастырып кеткелі жүр екен ғой. Құдай жолына кебісін көлденең қойып, намазға жығылып жүрген Өрікбай тіріні тірідей тонап, өлілерден араша сұрап жүргенінде іште сақтаған тағы бір сұмдығы бар екен. Бауырымен жорғалаушылар класына жататын кесірткенің бойындағы барлық мінез-құлық, әдіс-айласын меңгерген бұл кісі бүгінде аймақтағы айтулы адамдардың алдыңғы легінде. Тегі, қысқа күнде қырық құбылып, өтірікті сушап сапыратын, ағайынға жүрек жылуы жоқ осындай оспадарлардың жолы болғыш. Адам­дығынан, адалдығыңнан пайда жоқ мына құбылмалы заманда кесіртке кісілер көбейді. Өрікбай өрдегі мешітке келгенде Насурулла молда оқып отырған намазынан жаңылысып қалды. Өйткені, өткенде мешітте отырып иманды әңгіме өрбітіп кеткен Өрекеңнің өштескен адамының ұясына өрт қойғанын жақсы білетін еді. Осы кезде қайдан шыға келгені белгісіз, бір кесіртке қабырғаны өрлеп, төбеге шығып кетті. Екі көзі тас төбесіне шыққан Насурулла молданың көз алдына кесірт­кебасты адам елестеп, тәспісін ұстаған бойы тырайып құлап түсті.  

Сабырбек ОЛЖАБАЙ