Қазақстанда көлік неге қымбаттады?
Қазақстанда көлік неге қымбаттады?
Фото: www.newstalk.com
134
оқылды

Еnergyprom.kz-тің мәліметінше, осы кезге дейін 17,6 мың жеңіл көлік шығарылды. Былтырмен салыстырғанда 5,7%-ке көп.

Көлік өндіруші елдердің үздік үштігін Қытай – 5 млн, Жапония – 1,9 млн, Үндістан 1,1 млн көлік өндіріп, көш бастап тұр. ТМД мемлекеттері арасында Ресей рейтингте 9-орында тұр. 365,2 мың автомобиль шығарған. Өзбекстан – 29-орын, 44,5 мың автомобиль құрастырған. Қазақстанда көлік құрастыру көлемі артқанына қарамастан, сұраныстың көптігінен жеңіл көлік бағасы қымбаттады. Жаңасы 10%-ке, ескі көлік бағасы 9,9%-ке өскен. Жаңа көлік бағасы Қостанай облысында – 13,8%, Ақтөбе облысында – 13,1% және Батыс Қазақстан облысында 12,9%-ке қымбаттаған.

Ескі көліктің бағасы бір жыл ішінде Батыс Қазақстанда – 24,5%, Атырау – 12,6%, Алматыда 12,5%-ке қымбаттаған.