Жеңіл көліктер өндіру рейтингісінде Қазақстан 39 мемлекеттің ішінде 35-орында тұр. Бұл жайында Еnergyprom.kz жариялады.
Олардың мәлімдеуінше, әсіресе көлік бағасының өсуі – Батыс Қазақстан облысында байқалуда. Негізі осы уақытқа дейін Қазақстанда 17,6 мың жеңіл көлік шығарылған екен. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5,7%-ке артық. Жалпы, көлік өндіруші мемлекеттердің үздік үштігіне Қытай, Жапония және Үндістан енді. ТМД елдері арасында Ресей рейтингте 9-орын иеленсе, Өзбекстан 29-орында тұр. Олар жылына 44,5 мың көлік шығарған.Ал Қостанай облысында 30,8 мың көлік шықса, Алматыда 16,8 мың жеңіл көлік жасалған. Биыл қаңтар-шілдеде отандық өндіріс 26,6%-ке өсіп, 40,7 мың көлік шығарылды. Осыған қарамастан жергілікті компаниялар жеңіл жолаушылар автомобильдеріне сұранысты 46,3% қамтамасыз еткен. Өткен жылғы көрсеткіш – 60,2%.2021 жылдың қаңтар-тамыз айларында елімізде 47,5 мың жеңіл көлік шығарылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,9%-ке көп. Оның ішінде цилиндрінің көлемі 1500 текше см-ден асатын, іштен жану қозғалтқышы бар 45,3 мың көлік болса, цилиндр көлемі 1500 текше см-ден аспайтын 2,1 мың көлік және 83 арнайы жеңіл көлік бар.
Дегенмен 2021 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша, жаңа жеңіл автомобильдердің құны жылдық динамикада 10%-ға, пайдаланылған көліктің құны 9,9%-ға өскен. Жаңа көліктер Қостанай облысында 13,8%, Ақтөбе облысында 13,1% және Батыс Қазақстан облысында 12,9%-ке қымбаттаған. Пайдаланылған көліктердің бағасы Батыс Қазақстан (24,5%), Атырау (12,6%) және Алматы (12,5%) облыстарында айтарлықтай көтерілген.Импорт үлесінде ресурстардың 53,7% немесе 47,3 мың көлік, өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есе артық. Ішкі нарықта жыл басынан бері 83,5 мың жеңіл көлік сатылған.