Ақмолада есірткі заттарын жасырған оқушы қыз ұсталды
Ақмолада есірткі заттарын жасырған оқушы қыз ұсталды
243
оқылды

Тергеу барысында кәмелет жасына толмаған оқушы қыздан 230 дәрі таблеткасы тәркіленді.

Облыстық жедел алдын алу шараларын жүргізген тәртіп сақшылары оқушы қызды «тауарды» жасырып жатқан сәтте қолға түсті. Дәрілік препараттар күшті әрекет ететін әрі ауруды сездірмейтін 23 пластина апиын қатарына жататын есірткі болып шықты.

«Тәркіленіп алынған дәрілік препарат энергия және көңіл күйді жақсартатын құрал болып саналғандықтан жастар мен жасөспірімдер арасында өте үлкен сұранысқа ие. Өкінішке қарай жастар есірткіні тұрақты пайдаланған жағдайда есірткіге тәуелділік қалыптасады. Нашақор тек инемен егілетіндер ғана деп қателеседі. Алайда, аталған дәрілік препараттар героиннің синтетикалық апиыны болып табылады. Сондықтан бірнеше мәрте қолдану есірткіге тәуелділікке әкеліп соғады», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің нашақорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Виталий Гудыменко.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы