Өрт орнында Ақсай орман шаруашылығы, Қазавиаорманқорғау және Алматы облысының ТЖД күштері мен құралдары жұмыс атқаруда. ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағымен су шашып жатыр.
Алматы облысы ТЖД-нің мәліметінше, өртті сөндіруге 38 адам мен 8 бірлік техника жұмылдырылды. Елді мекендерге қауіп жоқ. Ең жақын елді мекен – Қырғауылды ауылы 12 шақырым және "Радуга" саяжайы 8 шақырым қашықтықта орналасқан.Өрт 26 қыркүйекте басталды. Алматы облысы Қарасай ауданы Ақсай шатқалында "Іле-Алатау" МҰТП аумағындағы тауда биіктігі 2000 метр жердегі орман өртеніп жатыр. Жалпы аумағы - 5 гектар.