Альберт Линдердің өлімінен кейін ауыр атлетикадан ерлер құрамасының аға бапкері қызметінен шеттетілді
Альберт Линдердің өлімінен кейін ауыр атлетикадан ерлер құрамасының аға бапкері қызметінен шеттетілді
© azattyq-ruhy.kz
Ауыр атлет Альберт Линдердің өлімінен кейін Қазақстан ерлер құрамасының аға бапкері Сергей Седов қызметінен босатылды, – деп хабарлайды Ауыр атлетика федерациясы.  Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшелері ҰҚК жаттықтырушылар штабына айыптау туралы істі тергеу аясында құрамына сарапшылар мен спорт ардагерлері енген комиссия құруды ұсынды.
«Тергеу барысында комиссия 2021 жылғы 28 қыркүйектен бастап мән-жайды анықтап, қызметтік тергеу жөніндегі тәуелсіз комиссия тиісті қорытынды шығарғанға дейін Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Сергей Седовты қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады», – делінген хабарламада.
Бұған дейін ауыр атлет Альберт Линдердің неден қайтыс болғанын жазған болатынбыз.