Ақмола облысының Целиноград ауданында да құс тұмауы анықталды
Ақмола облысының Целиноград ауданында да құс тұмауы анықталды
202
оқылды
Қазіргі уақытта ауылда карантин жарияланған. Тексеріс барысында жалпы саны 238 қаз, 40 үйрек пен 10 тауық өлгені анықталды. Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аудандық аумақтық инспекциясы мамандары құстардың өлу себебін анықтау және зерттеу үшін өлекселерден сынамалар алған. Ал 28 қыркүйек күні ҚР АШМ «Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының сынама хаттамасы және сараптама нәтижелері бойынша құс тұмауы патогенді құс тұмауын анықтады. Жалғызқұдық ауылына құс тұмауы бойынша карантин енгізу туралы ұсыныс енгізілген. Қазір ауылда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы