Бақтияр Артаев боксшылардың Олимпиададағы сәтсіздігі үшін кешірім сұрады
Бақтияр Артаев боксшылардың Олимпиададағы сәтсіздігі үшін кешірім сұрады
Фото: Sports.kz
284
оқылды
Олимпиада чемпионы, бокстан мемлекеттік жаттықтырушы Бақтияр Артаев Қазақстан ҰОК Бас Ассамблеясында қанағаттанарлықсыз деп танылған боксшылардың 2020 жылғы ойындарындағы сәтсіздігі үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды vesti.kz. Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков Токиода өткен жазғы олимпиада ойындарында қазақстандықтар табысты өнер көрсеткен спорт түрлері бар екенін айтты.
"Біздің команданың Токио Олимпиадасындағы өнерін табысы бойынша 4 топқа бөлуге болады. Каратэ, теннис, спорт гимнастикасы, ауыр атлетика бойынша табысты өнер көрсеттік. Садақ ату, байдарка есу, еркін күрес спортшыларының нәтижесі жақсы болды. Тасжолдағы велосипед спорты көрсеткішін нашарлатып алды. Бокс, грек-рим күресі, әйелдер жеңіл атлетикасы қанағаттанарлық нәтиже көрсетті. Бұл бағаның бәрі тиісті федерациялармен өткен кездесулер аясында беріліп отыр", - деді комитеттің бас хатшысы.
Артаев жағдайды түзетуге уәде берді.
"Токио Олимпиадасы боксшылар үшін сәтсіз болды. Бұл үшін кешірім сұраймын. Бұрынғы жетістіктерге оралу үшін келесі ойындардың алдында барынша жұмыс жасаймыз. Боксты бұрынғы деңгейге көтеру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз", - деді Артаев.