58 жастағы ер адам кірпіш әзірлейтін құрылғының астында қалып кеткен.
Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаменті хабарлады.Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.«29 қыркүйек күні сағат 21:25-те Павлодардағы өндірістік цех жұмысшысына кірпіш әзірлейтін білдек құлады. Дене жарақатынан 58 жастағы ер адам оқиға орнында мерт болды», – деді департамент өкілі.
Бұған дейін өндіріс орындарында 8 айда 114 адам қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.