Нұржан Жетпісбаев: «Димаштың жетістігі - Қазақстанның жетістігі!»
Нұржан Жетпісбаев: «Димаштың жетістігі - Қазақстанның жетістігі!»
© inform.kz
460
оқылды
Бүгін King Choice рейтингінде дауыс беру аяқталуда. Онда Димаш Құдайберген 9,2 млн. дауыспен көш бастап, Азиядағы ең тартымды ер адамның атына үміткер болып отыр.   19 қыркүйекте «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желілерде #JasOtanQoldaidy акциясын бастап, барлығын қазақстандық қазақстандық әншіге дауыс беруге шақырды. Сол кезде ол 1 973 428 дауыспен оңтүстіккореялық BTS тобының солисі Ким Сокджиннен кейін тұрған болса, бүгінгі таңда Димаш бірінші орында тұр.   «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев бейнеүндеу жазып, қазақстандықтарды осы байқауда Димашты қолдауға шақырды.   «Достар, қол жеткізген нәтижеде тоқтап қалмай, қазақстандық өнерпазды әрі қарай қолдауға шақырамын. Димашты өз дауысыңызбен қолдаңызДимаштың жетістігі, Қазақстанның жетістігі! Biz Birgemiz!», - деп жазды ол.   Дауыс беру ережелерімен Instagram әлеуметтік желісіндегі @jas_otan парақшасынан таныса аласыз.