Қазақстан журналистикасының даму формуласы
Қазақстан журналистикасының даму формуласы

Журналистика факультеті – шығармашылық кеніші. Нарық талабына сай білікті мамандар даярлау үлкен жауапкершгілікті және креативті шешімдерді басқарудан тұрады. Бүгінгінің журналистикасы – сауатты да көркем жазумен қатар универсалды білімді, мультимедиа, үлкен деректер құралдарын меңгеруді, бірнеше тіл білуді қажет етеді. Журналистиканың жаңа медиа мен ақпараттық кеңістіктегі интеграциясы нарыққа жаңа мамандық иелеріне сұранысты арттырды.

Жоғары оқу орындарында білім беру бағдарламаларының модернизациясы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында соңғы үш жылда медианарыққа бағытталған. Бакалвриатта «Кино&Медиа», магистратурада «Data журналистика», «Бизнес-коммункиация», «Экологиялық журналистика», «Креативтік индустриялар», сондай-ақ үш деңгейде «Медиакоммуникациялар» білім беру бағдарламаларына қабылданған білім алушылар саны артуда. Кафедра базасында соңғы оқу жылдарында ашылған «Qazaqstan», «Egemen Qazaqstan», Ж. Кенжалин атындағы Баспасөз және жаңа медиа оқу-шығармашылық зертханалар жұмыс беруші ұйымдардың қолдауымен оқу техникалық мүмкіндіктердің алаңына айналды. Кафедараның осы орайда оқу-техникалық базасын жаңалаудан бастап оқу үрдісіне, білім беру бағдарламалары медиа нарыққа бейімдеудегі жобалары аталды. «Egemen Qazaqstan» газетінің Алматыдағы тілшілер қосыны, «Qazaqstan» ұлттық арнасының Алматы редакциясы мен «Қазақ газеттері» ЖШС базасында Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының филиалының ашылуы оқу үрдісінің медиа өндіріске бейімделуіне жол ашты.  width=

Академиялық дамудың интеллектуалды капиталы

Қазақстандағы медианарық сан алуан тарапта дамып жатыр. Оған маман даярлау үшін сұранысқа сай әре­кет ету керек. Бұл ретте кафедраның ғасырға жуық классикалық тәжірибесі қалыптасты. Жаңа медиа нарығының үндеулеріне сай цифрлық даму моделін жасақталды. Журналистика білім беруі ісінің шежіресі 1934 жылы бастау алды. Біртуар қайрат­керлер журналистиканың дамуы мен қалыптасуы үшін үлкен еңбек етті. Журналистиканың көрнекті ұстаздарын, атап айтсақ, Темірбек Қожекеев сатира­ның теориясын жасаса, Қайыржан Бекхожин негізін қалаған, кейіні­рек профессор Сағымбай Қозы­баев, профессор Ләйла Ахметова қазақ журналистикасының тари­хын, Тауман Амандосов бастап, профессор Бауыржан Жақып жанр­лық тұрғысын зерттеді, ал Марат Барманқұлов іргелі дүние­лер­мен негізін салған тележурна­лис­тикаға профессор Сәуле Барлы­­баева ерен үлес қосты. Қазақ радиожурналистикасы ғылыми мектебін қалыптастыруда профессор Намазалы Омашев түрен салды. Жаңа медиа­ны зерттеудің қолданбалы мекте­бін дамытқан профессор Ғалия Ибраева бар. Бүгінде бұл бағыттағы зерттеулер жас ғалымдар тобымен жаңарып келеді. Осы классикалық дәс­түрдің қаймағын бұзбай, жаңа заман­ға сай икемдеу, жалғастыру біздің маман даярлаудағы миссиямыз. Шығармашылықтың цифрлық ұстаханасынан журналист мамандар даярлауда басты потенциал – әдістемелік құралдар, ғылыми-технологиялық және өндірістік базаның нығаюы. Бүгінде баспасөз бен жаңа медиа, телевизия мен радио хабар тарату нарығында муль­ти­ме­диадан, SММ құралдарын жетік меңгерген түлектерге сұраныс артуда.  width=

Нарықпен диалог

Қазір әр университет, әр кафедра өзінің білім беру бағ­дар­ламасы қаншалықты нарықта сұранысқа ие, соншалықты рейтингі артатыны рас. Журналист маман­да­рын даярлайтын еліміздегі 30-ға жуық кафедраға шағын зерттеу жасадым. Білім алып жатқан сту­дент­тердің контингенті мен олар­дағы білім беру бағдарлама­лары­ның басымдықтарын зерделеп шықтым. Таяуда «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» мен «Білім беру сапасын қамтама­сыздандыру бойынша тәуелсіз агенттіктің» қорытындысы жария­лан­ды. Журналист мамандарды дайындау бойынша ҚазҰУ уни­вер­си­теті алда келе жатыр екен. Журналист мамандарын даяр­лау бойынша мемлекеттік жоғары оқу орындары мен жеке оқу орын­да­рының үлесі тең. 45 пайызы – мемлекеттік, қалғаны – 55-і жеке­мен­шік. Жаңа білім беру бағдарла­ма­сын дайындау үшін нарықты көп зерттедік. Осы орайда, «Qazaqstan», «Хабар агенттігі», «Қаз­контент», «Қазақ газет­тері» , «Жас Өркен» және «Нұр Медиа» секілді медиа­­холдингтер мен агенттіктер бас­шыларына сұра­ныс­тар жібердік. Олардың маманға қойған талаптарын білдік. Нарыққа не керек, не жетпей жатыр, біздің мамандардың бойында қандай кемшіліктер бар, нені үйрену керек, соны терең білгіміз келді. Сонда олардың көп сұрайтыны – ма­мандардың технологиялық тұр­ғы­дан сауатты болуы, аудио және бейнематериал­дарды мон­таж­­дай алуы, әлеуметтік желі бойынша маркетингтік тәсілдерді меңгеруі. Сондай-ақ редакцияның ішкі жұмыстарын да ұйымдастыратын арнайы мамандар, датамен жұмыс істейтін журналистер де ерекше сұранысқа ие екен.  width= Біз үнемі әлемдік топ-универ­си­теттердің бағдарлама­лары­на бағдар жасап отырамыз. IT факультетінің студенті бола тұра біздің факультеттің бір бағдарламасын таңдап, ары қарай журналист квали­фикациясын ала алады. Не болмаса, Биология факультетінен келген студент журфак бағдарла­ма­сын таңдап, білімін жетілдіреді. Яғни, ол келешекте экология сала­сын індете жазатын журналист болуға мүмкіндік алады. Керісін­ше, заң саласын жақсы білгісі келген журналист-студент заң факуль­тетіне барып оқып келе ала­ды. Бұл орайда 4 жылға негіз­дел­ген толыққанды бағдарлама аясында бір семестрге созылатын қысқа­мер­­зімді бағдарлама қарастырыл­ған. Бұл еліміздегі салалық журна­листиканың дамуына жол ашады.

Гүлмира Сұлтанбаева, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор