Ақтөбеде күйеу баласы іздеу салған әйел өлі күйінде табылды
Ақтөбеде күйеу баласы іздеу салған әйел өлі күйінде табылды
© matritca.kz
173
оқылды
Ақтөбеде тамыз айында жоғалған әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі. Қыркүйек айының басында Ақтөбе қалалық полиция бөліміне ер адам шағым түсірді. Оның айтуынша, тамыз айының соңында Қарғалы ауылында қайын енесі үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған. Әйелдің жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында әйелдің ішімдік ішетіні және үйден жиі кетіп жүргені анықталды. Жедел уәкіл тұрғый үйдегі пәтерлердің бірінен әйелдің зорлық-зомбылық белгілері бар мәйітін тапты.
«Полиция күдіктінің пәтерде жалғыз тұратынын және тұрғындармен қатты араласпайтынын анықтады. Көршілері оның жеке өмірі туралы ештеңе білмейді. Сондай-ақ күдіктінің бір ай бойы жұмысқа шықпағаны белгілі болды», - дейді Ақтөбе облыстық ПД бастығы А.Арыстанов.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстады, ол кінәсін мойындады. Оның айтуынша, мас күйінде әйелді ұрып-соғып өлтірген, осы уақыт ішінде үйге қайтпай, ішімдік ішіп жүрген. Кісі өлтіру фактісі негізінде ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.