Екібастұзда пара алды деген күдікпен әкімнің орынбасары мен тағы екі шенеунік ұсталды
Екібастұзда пара алды деген күдікпен әкімнің орынбасары мен тағы екі шенеунік ұсталды
© sn.kz
133
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Екібастұз әкімінің орынбасары мен ТКШ бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
«Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Б.Қ.Ахметовке және Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Олар мемлекеттік сатып алу келісімшарты бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігерлік ұйымдардан жүйелі түрде пара алып отырған деген күдікке ілінді», - деп хабарлады өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.