Инвестордың жобасымен танысты
Инвестордың жобасымен танысты
169
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Surbana Jurong тобының бас дирек­торы Вонг Хеанг Файн­ды қабылдады. Бұл туралы Президенттің баспасөз қыз­меті хабарлады.

Мемлекет басшысының син­гапурлық Surbana Jurong ком­паниясының бас директоры Вонг Хеанг Файнмен кездесуінде Алматы агломерациясын дамы­туға қатысты инвести­циялық жоба­ларды жүзеге асыру­дың перспек­ти­валары тал­қы­ланды. Президентке компанияның Алматы облысындағы G4 City деп аталатын жаңа төрт қаланың құ­рылысын отандық инвесторлармен серіктесе отырып жүргізу жө­ніндегі жоспары таныстырылды. Қазір G4 City құрылысының жо­басын іске асыру жөніндегі Жол картасы мен Мастер жоспар әзір­ленген. Қасым-Жомарт Тоқаев Син­гапурмен инвести­циялық ынты­мақтастықты нығайтудың страте­гиялық маңызына тоқталып, атал­ған жоба бойынша шетелдік серіктестерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні туралы айтты.