Жыл сайын 50 шақты адамды пойыз басып кетеді
Жыл сайын 50 шақты адамды пойыз басып кетеді
Фото: smartik.ru
116
оқылды

Жыл сайын теміржолда 50-ден астам адамды пойыз басып кетеді. Көпшілігі теміржолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтеді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ магистральдық желі дирекциясы директорының орынбасары Бақытбек Алдажаровтың айтуынша, сағатына 60-80 шақырым жылдамдықпен жүретін 6 мың тонналық пойызды бірден тоқтату мүмкін емес. Мәселен, салмағы 200 тоннадан асатын локомотивке 600-800 метрлік тежеу жолы қажет.

Зардап шеккен әрбір бесінші адам ішімдік ішкен. 14% – суицид, 3% – құлаққаппен музыка тыңдаған. Әсіресе, жасөспірімдер әлеуметтік желіде жариялау үшін селфи мен видео түсіру кезінде жарақат алады.

Бұған дейін Шымкентте вокзал маңында токқа түскен қыз туралы хабарлаған болатынбыз.