Санақ Қазақстанда тәуелсіз ел болғаннан бері үшінші рет өтіп жатыр.
Бір ерекшелігі – санақ дәстүрлі және онлайн форматта өткізілуде. 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн режимде тәулігіне 24 сағат сауалнама толтыруға болады.Сондай-ақ Egov платформасында электронды цифрлық қолтаңба және Aitu мобильді қосымшасы, sanaq.gov.kz сайты арқылы санақтан өтуге болады.
Ал дәстүрлі ұлттық санақ онлайн режимде санақтан өтпеген азаматтар үшін 1-30 қазан аралығында өтеді.