15 қазанға дейін азаматтар санаққа онлайн режимде қатыса алады.
Сонымен, 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында sanaq.gov.kz сайтында Ұлттық санақтың онлайн кезеңі жүргізіледі. Тәулік бойы sanaq.gov.kz сайтында санақ парағын толтыруға болады. Сондай-ақ сайтта парақты толтыруды уақытша тоқтату және кейін қайта жалғастыруға мүмкіндік бар.
Үй аралап жүргізілетін санақ 1-30 қазан аралығында өткізіледі. Бұл кезеңде онлайн санаққа қатыспаған тұрғындардың дерегін санақ жүргізушілер арнайы планшетке енгізеді.