Әнші Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты жігіт атанды
Әнші Димаш Құдайберген Азиядағы ең сымбатты жігіт атанды
Фото: ru.dimashnews.com
490
оқылды

Кingchoice.me сайты жариялаған «Азияның ең сымбатты 100 адамы» (the 100 most attractive Asian celebs 2021) рейтингінде үздіктерді анықтау үшін онлайн дауыс беру кеше аяқталды.

 
Әнші Димаш Құдайберген 9,3 миллионнан астам ұпай жинап, 1-орынға ие болды. Бұл рейтингте Димаш Құдайберген Оңтүстік Кореяның әншісі Ким Сокджин мен Чха Юн У сияқты әншілерден де көп ұпайға ие болды. 19 қыркүйекте «Jas Otan» белсенділері әлеуметтік желілерде  #??????????????? акциясын бастап, қазақстандықтарды Димашқа дауыс беруге шақырған болатын. Бұл үндеу жасотандықтар мен барша қазақстандықтар  арасында челленджге ұласты.

Бұған дейін Димаш Құдайберген үздіктер қатарында екенін жазған болатынбыз.