Алматыда ағаш өңдейтін цех өртенді
Алматыда ағаш өңдейтін цех өртенді
Фото: Алматы Төтенше жағдайлар департаменті
142
оқылды
Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, өрт Алмалы ауданы Райымбек даңғылы, 348/3 мекенжайында орналасқан ағаш цехынан шықты.
Өрт сөндірушілер 6 минутта келді. Ол кезде бір қабатты ағаш цехының (бояу бөлімі) төбесі ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрттің таралуы жапсарлас орналасқан ғимараттың төбесіне қауіп төндірді. Өртті сөндіруге 11 техника, жеке құрамнан 30 адам жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 16 минутта ауыздықталды, − делінген хабарламада.
Сонымен қатар жедел атқарылған шаралардың арқасында өрт сөндірушілер тауар-материалдық құндылықтарын өрттен аман алып қалған.