Ұстаздарға сыйлық беруге бола ма?
Ұстаздарға сыйлық беруге бола ма?
© zanmedia.kz
684
оқылды
Білім министрлігі заң тұрғысында ұстаздарға сыйлық жасауға тыйым салынбағанын мәлім етті. Себебі ұстаздар мемлекеттік қызметкер емес. Сонымен бірге биыл мамыр айында еліміздің бас ұстазы Асхат Аймағамбетов педагог қауымға құрмет көрсетіп, гүл шоғын сыйлау сыбайлас жемқорлық қаупіне жатпайтынын алға тартқан еді.
"Қоғамда ұстаздарға гүл сыйлау жемқорлықтың белгісі деген пікір бар. Біз онымен келіспейміз. Осы орайда алдымен қандай жағдайда жемқорлық болып саналатынын анықтап алған жөн. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршін ұстазына құрмет көрсетіп, гүл сыйласа, ол – жемқорлық емес", – деді білім министрі БАҚ-қа берген сұхбатында.
Сонымен қатар ведомство басшысы білім ошақтарында педагогикалық әдеп сақталуы керектігін еске салып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керектігін қатаң ескертті. Ол дегеніміз – мектеп қабырғасында түрлі сылтаумен ұстаздардан ақша жинамау керек немесе басшылыққа қымбат сыйлық жасау деген секілді дүниелерден аулақ болу керек деген сөз. Еске сала кетсек, өткен жылдан бастап елімізде мемлекеттік қызметкерге сыйлық жасауға және оны алуға толық тыйым салынды.