Бренд қылуға жарайтын нысандар бар
Бренд қылуға жарайтын нысандар бар
239
оқылды

«Nur Otan» партиясының облыстық және қалалық мәс­лихатының депутаттары пар­тияның 2025 жылға дейінгі «Өз­герістер жолы: әр азамат­қа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламаларын іске асыру жөніндегі Жол карталары шең­­берінде брендтеуге бола­тын нысандарды аралады.

Депуттар партияның сайлауал­ды бағдарламаларды іске асыру жөніндегі брендтеуге жататын Павлодар қаласының Мұзафар Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне барды. 600 оқушыға арналған жаңа оқу орнына Мұзафар Әлімбаевтың есімі берілді. Белгілі қазақстандық ақын мен жазушының құрметіне мектепте шағын мұражай бар. «Заманауи мектеп» бағдар­ламасы бойынша 600 орындық оқу орнында әр шаршы метрдің функ­ционалдығын айтарлықтай арт­тыра отырып, барлық кабинеттер мен рекреациялық аймақтар рә­сім­делді. Асханада e-pit жүйесі ор­на­тылды, соның арқасында мек­теп басшылығы тамақтану са­па­сын бақылайды және оқушы­лар­дан пікірлер алады. Сонымен қатар танымал спорт түрлерімен айналысу үшін мектептің спорт залы толығымен жабдықталған. Депутаттар брендтеуге жататын ASCOR ЖШС композиттік коагулянттар шығаратын зауы­тының жұмысы­мен танысты. ASCOR өндірістік бірлестігі ЖШС – жас дамып келе жатқан кә­сіпорын, оның қызметі коагу­ля­ция және тежелу процестерін қа­лыптастыру үшін химиялық өнімді өндіруге, жеткізуге және сатуға бағытталған. Қазір ком­позициялық коагулянттар өндірісі игерілу үстінде. Коррозия және тұздану ингибиторларын игеру басталды. Әлеуетті тапсырыс беру­шілердің аумағында өнді­рістік және сар­қын­ды суларды тазартудың инно­ва­циялық тех­нологияларын әзірлеу және енгізу бойынша зерт­теу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әбілмансұр ЖАСАН