«Nur Otan» партиясының облыстық және қалалық мәслихатының депутаттары партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламаларын іске асыру жөніндегі Жол карталары шеңберінде брендтеуге болатын нысандарды аралады.
Депуттар партияның сайлауалды бағдарламаларды іске асыру жөніндегі брендтеуге жататын Павлодар қаласының Мұзафар Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне барды. 600 оқушыға арналған жаңа оқу орнына Мұзафар Әлімбаевтың есімі берілді. Белгілі қазақстандық ақын мен жазушының құрметіне мектепте шағын мұражай бар. «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша 600 орындық оқу орнында әр шаршы метрдің функционалдығын айтарлықтай арттыра отырып, барлық кабинеттер мен рекреациялық аймақтар рәсімделді. Асханада e-pit жүйесі орнатылды, соның арқасында мектеп басшылығы тамақтану сапасын бақылайды және оқушылардан пікірлер алады. Сонымен қатар танымал спорт түрлерімен айналысу үшін мектептің спорт залы толығымен жабдықталған. Депутаттар брендтеуге жататын ASCOR ЖШС композиттік коагулянттар шығаратын зауытының жұмысымен танысты. ASCOR өндірістік бірлестігі ЖШС – жас дамып келе жатқан кәсіпорын, оның қызметі коагуляция және тежелу процестерін қалыптастыру үшін химиялық өнімді өндіруге, жеткізуге және сатуға бағытталған. Қазір композициялық коагулянттар өндірісі игерілу үстінде. Коррозия және тұздану ингибиторларын игеру басталды. Әлеуетті тапсырыс берушілердің аумағында өндірістік және сарқынды суларды тазартудың инновациялық технологияларын әзірлеу және енгізу бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Әбілмансұр ЖАСАН