Мереке қарсаңында қарияларды құттықтады
Мереке қарсаңында қарияларды құттықтады
251
оқылды

«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Арда­гер­лерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында cоғыс және тыл ардагерлеріне, көмекке мұқ­таж, жалғызілікті қарияларға арналған қа­йырым­дылық акциясы өтті.

Филиал қызметкерлері қариялардың үйлеріне барып, оларды мерекесімен құттықтап, азық-түлік себеттерін табыстады. «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Бейсенқұлов 95 жастағы соғыс ардагері Б.Бурбаев ақсақалды, тыл еңбеккері В.Блинованы және жал­ғызілікті қария А.Сыдықованы мерекемен құттықтап, қарттарға қуаныш сыйлады. Кездесу барысында ардагерлер өз еңбек жолы туралы әңгімелеп, «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық филиалына алғыс білдірді. қария Айта кетейік, мереке қарсаңында мұндай қайы­рымдылық іс-шаралары барлық ауданда ұйымдас­тырылды. Жамбыл облысы бойынша 200-ден аса кө­мекке мұқтаж қартқа азық-түлік себеттері табыс­талды. Өз кезегінде жасотандықтар қарттардың үйлерінің ауласындағы шаруаларына көмектессе, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері қарияларға тегін медициналық көмек көрсетті. Аталған іс-шаралар қарияларды ардақтау, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұйымдас­тырылды.

Әбілмансұр ЖАСАН