Павлодар облысына іссапармен келді
Павлодар облысына іссапармен келді
280
оқылды

«Nur Otan» партиясы жа­нындағы Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі республикалық қо­ғамдық кеңестің мүшелері, Мәжіліс депутаттары Ерлан Саиров пен Елнұр Бейсен­баев Павлодар облысына іссапармен келді.

Алдымен халық қалаулылары Павлодар облысы әкімдігі жа­нындағы ахуалдық орталығының жұмысымен танысты. Аталған орталық халықтың және аса ма­ңызды әлеуметтік маңызы бар объек­тілердің қауіпсіздігін арт­тыру және облыстың тұрақты әлеу­меттік-экономикалық да­муын қамтамасыз ету мақсатында құрылды. 32 орынға арналған заманауи мониторинг және ба­қылау орталығы – өзекті ақ­па­ратты (бейне ағындар, визуали­за­цияланған деректер, жедел ақпарат және т.б.) жинау, өңдеу және шығарудың қазіргі заманғы техникалық құралдары базасында операторлардың, сарапшылар мен консультанттардың жұмыс орындарын ұйымдастыруға ар­налған үй-жай. Мәжілісмендер осы орталықтың жұмысымен жіті танысып, ондағы қызмет бары­сына оң бағаларын берді. Бұдан кейін депутаттардың қатысуымен «Nur Otan» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес­тің көшпелі отырысы өтті. Оған атал­ған кеңестің төрағасы, Мә­жіліс депутаты Ерлан Саиров төра­ғалық етті. Отырысқа Мәжі­ліс депутаты, кеңес мүшесі Елнұр Бейсенбаев, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық бас­қар­малардың басшылары, өңір­лік қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты. Павлодар облысы әкімінің орынбасары Олег Крук Павлодар облысында Сыбайлас жемқор­лыққа қарсы қандай іс-шаралар жүргізіліп жатқанын және облыс бойынша Жол карталарының орындалу барысын баяндады. «Nur Otan» партиясы Пав­лодар облыстық филиалы жа­нындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қо­ғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Хамитов өңірлік қоғамдық кеңес­тің атқарған жұмыстары жөнінде және республикалық қоғамдық кеңестің тапсырмаларының орын­далуы туралы есеп берді. Отырыс соңында республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров бірлесе жұмыс іс­теуді, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы іс-қимыл шараларын кү­шей­туді тапсырып, өңірлік қо­ғамдық кеңеске нұсқаулықтар мен ұсынымдарын берді.

Әбілмансұр ЖАСАН