Елордалық өрт сөндірушілер "Астықжан" сауда үйіндегі өртті сөндірді
Елордалық өрт сөндірушілер "Астықжан" сауда үйіндегі өртті сөндірді
220
оқылды

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен "Астықжан" сауда үйінде болған өрт сөндірілді. Өрттің ауданы алдын ала болжам бойынша 7 000 шаршы метрді құрады.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылғы 2 қазанда сағат 09:42-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері әл-Фараби даңғылы, 28 мекенжайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарлама бойынша жолға шықты.
"Өрт сөндірушілер 6 минуттан кейін шақыру орнына келген соң, "Астықжан" сауда орталығының үшінші қабатында жиһаз салоны жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндіру орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды. Өртті сөндіруге Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД күштері мен құралдары, 105 адам және 26 бірлік техника құрамында, сондай-ақ, коммуналдық қызметтің 8 суару-жуу машинасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 2-қабаттың терезесінен 2001 жылы туған қыз бала өрттен өзін құтқару үшін секіріп кеткен. Ол - "Универсал" жиһаз цехының қызметкері. Қыз балаға жедел жәрдем қызметкерлері көмектесіп жатыр. Жағдайы орташа дәрежеде.