Астанада «Астықжан» сауда орталығындағы өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.«Астықжан» сауда үйінің жиһаз салонындағы өрттен келген залалдың шығынын анықтау үшін әкімдік пен сауда нысаны өкілдерінен жедел штаб құрылды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 292-бабы (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Өрт-техникалық сараптама тағайындалды», - деп жазады департаменттің баспасөз қызметі.Еске салсақ, елордадағы «Астықжан» сауда орталығында жиһаз салоны өртенді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 2-қабаттың терезесінен 2001 жылы туған қыз бала өрттен өзін құтқару үшін секіріп кеткен.